Қазіргі таңда мектептің қажеттілігі үшін демеушілерден түсетін қаржының жұмсалуында жариялылық жоқ. Сондықтан салаға жауаптылар білім беру ұйымдарына ашық бухгалтерия енгізудің уақыты жетті дейді. Бұл жүйе ата-аналардан түсетін қаражаттың мақсатты жаратылатынын реттеп, ашықтықты қамтамасыз етеді деп сендірді.
Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім беруді бақылау департаментінің басшысы: «Мектеп директоры есеп береді. Ата-ана берген қаражатының қайда кетіп жатқанын біліп отырады. Қазір мұны қалай жолға қоюға болатынын ойластырып жатырмыз…».
Мақпал Рысбаева