Тілдер апталығына орай 8-9 а сынып оқушыларынан Есенжан Динара мен Торангулова Перизат мектепішілік
" АНА ТІЛІ" газетін жасауға ат салысты. Жаңа оқу жылынан бастап мектебімізде өткен жаңалықтармен бөлісіп, тілшілік қызметтерін тамаша орындады. Газеттің бір бөлігінде "Мектеп өмірі"айдарында мектепішілік жаңалықтармен бөліссе, екінші жағында балалардың дүниетанымын, ой өрісін кеңейту үшін "Білгенге маржан "айдарын қосты .
Ана тіліміздің абыройын асқақтатын, тілге деген құрмет сезімін оятатын газетіміздің тұңғыш басылымы ойдағыдай болды.