Қазақстан халқының Тілдері күніне орай мектебімізде Тілдер апталығы өтуде.Осыған байланысты қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің басшылығымен ӘДЕБИ КАФЕ ұйымдастырылды. Оқушыларға, шырын таңдаса-сұйық сұрақ, бауырсақ таңдаса-майлы сұрақ, құймақ таңдаса-жұқа сұрақ, кәмпит таңдаса, тәтті сұрақтар қойылды. Мақсатымыз-мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіре отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондай -ақ, оқушылардың орыс, ағылшын тілдерінен білімдерін тексеру .