Меню KDT

logo.png?_=1713255280

КГУ "Каменнобродская СШ"

  • kz
  • ru
  • 9 мая прошел митинг, посвященный 71-й годовщине Победы в Великой Отечественной войне.

    Талапкерлер үшін ҰБТ-ны қаңтар айында тапсыру мүмкіндігі туды


    Тестілеуге қатысу үшін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктерінде қабылданады.

    Талапкерлер ҰБТ-ны ерте тапсыра алады. Алайда, қаңтар айында өтетін тестілеуден кейін талапкер ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім беру гранттары негізгі ҰБТ тапсырылғаннан кейін үлестірілетін болады.

    Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысатындар:

    - орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін). Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады;

    - ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер. Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылатын болады.

    Естеріңізге сала кетейік, тестіленушілер қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды. Тестілеуге қатысу үшін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктерінде қабылданады. Қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны – 2242 теңге.

     
     

    Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

    30.10.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки